18.06.2009
Қазақстан Бүгін ақпарат агенттігінің хабарлауынша интернетке жақын халықты жан-жақты абыржытқан заң жобасы сенатта бірінші оқылымда мақұлданып, кейіннен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіліп мәжіліске қайтарылды.
... Ұсынылып отырған өзгерістер заңдардағы "веб-сайт" деген сөздерді "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстыруға, еліміздің заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану тәртібіне, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге, бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру не тоқтату мәселелерін реттеуге, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты байланыс операторларының осы ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтау міндеттерін белгілеуге, "интернет-ресурс", "интернет-ресурстың меншік иесі", ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның құзыреті, мәртебесі мен қызметтері ұғымдарын айқындауға бағытталып отыр.
Alpamys
21 июня 2009, 16:16
156
Талабы жоқ жас -- қанаты жоқ құс.
Мақал-мәтелдер
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін! ...
Мағжан Жұмабаев
Alpamys
18 июня 2009, 20:36
328

Байқауға KZ доменіндегі сайттар ғана қатыстырылады ма?
Байқауға KZ доменіндегі сайттар ғана қатысады деген шектеу жоқ. Қазақстандықтарға арналған немесе Қазақстан туралы мәлімет тарататын жеке, заңды тұлғалардың веб-ресурстары қатыса береді. Өтініш берушінің мекен-жайы немесе сайтының қосалқы доменде тіркелгендігі де маңызды емес.
Alpamys
18 июня 2009, 19:24
104
Жаһандасу жүйесіне тереңдеп енген сайын біздің елімізде де ғаламторды пайдаланушылардың саны артып келеді. Оған дәлел, өткен жылы Қазақстанда ғаламтор жүйесін пайдаланушылардың саны 100 адамға шаққанда 14 пайызды құраған.
... Ғаламтордағы саясатты реттеп отырған бірден-бір құзырлы мекеме – Ақпараттандыру және байланыс агенттігі. Осы агенттік мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту бағытында қандай бағдарламаларды жүзеге асырады? Өткен жылы «Электронды Үкімет» бағдарламасына сәйкес қолға алынған 14 АТ-жобалардың (ақпараттық технология – Т.Т.) 11-і пайдалануға беріліп үлгеріпті. Электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесіне және мемлекеттік базалық мәліметтерге интеграцияланған «Электрондық Үкімет» веб-порталы жұмыс істеп тұр. Енді үйінде компьютері бар кез келген қазақстандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгірмей-ақ, электрондық мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.
Alpamys
18 июня 2009, 18:43
101